МКҚК «Еркем-ай»  бөбекжай-балабақшасы туралы мәлімет

         

МКҚК «Еркем-ай» бөбекжай-балабақшасы Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылдық округі әкімінің 28.11.2018 жылғы №66 шешімімен құрылды. Балабақша ғимараты екі этажды. Сыйымдылығы 140 орын.   «Еркем-ай» бөбекжай -балабақшасы оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алды. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, сауықтыру шараларын жаңа бағытта өткізіп, зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым- қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме.

БАЛАБАҚШАНЫҢ АЛДЫНА ҚОЙҒАН МІНДЕТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ:
- Балаларды азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отанын Қазақстан Республикасын суюге,мемлекеттік рәміздерімен, ұлттық салт- дәстүрлерін құрметтеу.
- Адамгершілік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытып тәрбиелеу
- Баланы тиімді тәрбиелеп- оқыту үшін адамгершілік, ақыл-ой,мәдени
және дене дамуын қажетті деңгейге жеткізу

- Отбасына бала тәрбиесінде көмек көрсету

- Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу.
- Мектепке дейіңгі балалардың ой-қабілеттерін, танымдық сезімдерін, балалардың тілін, сөздік қорларын қалыптастыру.

          Оқу –тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақша бойынша жалпы -7 топ бар. Жобалық қуаттылығы -140 орын.

          Балабақшада, қажетті құралдармен, ойыншықтар мен толық жабдықталған, оқу, ойын және ұйықтау бөлмелерінен басқа, асханасы, дәрігерлік кабинет пен музыкалық залы да бар.

          Қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынын негізге ала отырып, ұлттық педагогикалық бағытта жетілдіруде. Әр топ заман талабаны сай пәндік дамытушы ортамен және бес білім беру саласынның қажеттілігіне лайық деңгейде қамтамасыз етілген.

          Балабақшалардың  ата-аналармен тығыз байланыста болған жағдайда ғана  талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сондықтан  ата-аналармен кеңесе келе «Ашық  есік» күнін жоспарға ендіріп, және  ұйымдастырылған іс-шараларға, жазғы сауықтыру жұмыстарына да қатыстырып отырамыз.  Аудандық, облыстық байқауларға, сайыстарға қатысып жоғарғы орындарды иеленіп «Құрмет грамота», электрондық почта арқылы өткізілетін байқауларға да қатысып «Диплом» алып отырамыз.